Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 95,7%-ға жеткен

Биыл Ақтөбе облысында тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 95,7%-ға жеткен. Аймақта жаңа құбыр жүйелері жүргізілмек. Осылайша жылу мәселесі оң шешімін таппақ. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Облыста газбен қамту жоспары жылдан-жылға қарқын алып келеді. Мәселен, келер жылы 24 ауылға жылу жүйесі тартылмақ. Көрсеткішті 96,8%-ға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, үшінші магистральдық газ құбыры салынады. Бұл алдағы 50 жылда облыс орталығындағы газ тапшылығын шешуге мүмкіндік береді дейді.

АСХАТ ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сумен биыл 2 мыңнан астам тұрғыны бар 7 ауылды қамтамасыз еттік. Бұдан өзге, ауылдарды одан әрі газбен қамтамасыз ету міндеті өзекті болып қала береді. Биыл 2 мыңға жуық халқы бар 5 ауылды газдандыруды аяқтап, қамтамасыз ету үлесін 95,7%-ға дейін жеткіздік.

Өңірде "Ауыл аманаты" бірегей жобасы арқылы көптеген кәсіпкерлер қолдау тапқан. Аймақ басшысының айтуынша, биыл 2900-ға жуық жоба жүзеге асырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

АСХАТ ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осы ауыл аманаты арқылы тікелей Президенттің бастамасы жүйелі түрде атқарып келеміз. Бір қуантарлық жаңалық тек қана мал шаруашылығы емес, құс шаруашылыққа өте қызығушылық жоғары. Әлі де бізге ұсыныстар бар. Келер жылға біз 4 млрд ға бастапқы ұсыныс ретінде сұраныс жасап отырмыз осы жоба аясында.

Айта кетейік, биыл 11 айда Ақтөбе облысы экономикасына 764 млрд теңге инвестиция тартылған. Яғни, экономикалық өсім 106%-ға жеткен.