Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарасай ауданында ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Антон Макаренко атындағы орта мектепте жалған ақпараттарға толы әлеуметтік желілердің балаларға зияндығын түсіндіру үшін ата-аналардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Өскелең ұрпақтың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға балаларға арналған газет журналдардың бас редакторлары мен тілшілері қатысты. 

ЕРҒАЛИ БАҚАШ, "БАЛДЫРҒАН" ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Баспасөзге жазылу бұрынғыдай емес. Төмендеп кетті. Бірақ осындай насихат жұмыстары дұрыс жүргізілсе ата аналар оның маңызды екенін түсінсе қайтадан көтерілуі ғажап емес. Ой айналып келгенде қазақ газет журналдарының қазақ баспасөзінің болашағы тағдыры бұл халық, оқырманның қолында.

Білім ордасында қазір әр сабақтың 5 минуты қазақ кітаптарын оқуға бөлінуде. Осы арқылы мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын оятып, білім сапасын арттықмақ. 

БАЛШЕКЕР АЙМАШ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектебімізде оқуға құштар мектеп жобасы өте тиімді жүргізілуде. Осының негізінде балалар әр сабақтың 5 минутын жаңағы осы кітап оқуға арнайды. Сонымен қатар бөлек ата аналарда кітап оқиды және де мұғалімдер де кітап оқиды. Соның қорытындысы ретінде жыл соңында әр ақын ақындармен кездесу өткізіледі.