Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда 6 жасар бала мұзға батып мерт болды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2024
  • 85

Теміртауда құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 6 жасар баланың мәйітін алып шықты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін, Теміртау қаласында, Нұра өзені үстіндегі көпір маңында болған. 

«13 желтоқсан күні 112 пультіне Теміртауда ересектердің қарауынсыз қалған баланың мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат түсті», - деп мәлім етті Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жеткен. Жедел шаралар барысында құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Оқиғаның себептері анықталуда.