Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін жазаланды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2024
  • 62

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды ​​қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "ақылды болма" деген пікір қалдырып, сынға қалған еді. 

Тексеру барысында Қарағанды ​​қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды, – делінген хабарламада.