Русский Сайттың толық нұсқасы

Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2024
  • 116

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған.

Тексеру барысында Samsung ұялы телефонын, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.