Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзілді. Соның салдарынан жаттығуда жүрген жас спортшылардың бірі жарақат алды, - деп жазды KAZINFORM.
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін «Алтай альпісі» тау-шаңғы курортында болған. Аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
«Ауыр жарақат анықталмағанымен мамандар 2013 жылы туған спортшыны толық медициналық тексеру үшін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына алып кетті. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келді», - делінген ақпаратта.
Тросс үзілуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.