Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2024
  • 96

Астанада ТЖМ құтқарушылары екі түрлі оқиға кезінде екі жасар баланы және сал ауруына шалдыққан ер адамды құтқарып, қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші оқиға Нұра ауданында болған. 2022 жылы туған бала пәтерде есікті жауып алып, аша алмай қалған.

«ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдалана отырып, 11-қабаттан 10-қабатқа терезе арқылы түсіп, пәтерге кірді. Олар есікті ашып, баланы анасына тапсырды. Бала зардап шеккен жоқ», — делінген хабарламада.

Екінші жағдай Есіл ауданында болған. Бұл жолы құтқарушылар пәтерде қамалып қалған сал болып қалған ер адамға көмекке келді.

«Құтқарушылар 8-қабаттан 7-қабатқа терезе арқылы түсіп, пәтерге кірді. Олар есікті ашып, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», — деп мәлімдеді ведомство.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ұсынады.