Баянауылда еліміздің үздік бүркітшілері бас қосты
Барлығы 40 спортшы жарысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Шырғаны қолға шақыру», «Шырғаны салу», «Шырғаны ұақытқа салу» атты үш бағыттан сайыс өтті.
Спортшылар Ақтоғай облысынан, Екібастұз бен Ақсудан, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан келді.
Ашық турнир КСРО аңшылық өнерінің үздігі, Баянауыл ауылының тумасы, Жарылғап Мәуи Әбікеевті еске алуға арналды.
Төрешілер тобын Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Құрметті спорт қайраткері Бағдат Мүптекеқызы басқарды.
Старт сызығына барлығы 40 спортшы шықты.
Алғашқы екі орынды Астана қаласының өкілдері Серікбек Ерасыл мен Серікбек Күнтуған алды, үшінші орынға ақсулық атақты бүркітші Бекболат Ысқақовтың ұлы Алан орналасты.