Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысының әкімі салафизмге ресми түрде тыйым салуда

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2017
  • 2544

Елде салафизмге ресми түрде тыйым салу керек. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Бүгін Ақтөбеде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті экстремизм мен терроризмнің алдын алу және осы саладағы заңнаманы жетілдіру туралы жиын өтті. Облыс әкімі өңірдегі "теріс діни ағымды ұстанушылардың" 30 пайызы әйелдер деп отыр. Сондықтан аймаққа теолог әйелдер керек екенін айтты.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуовтың айтуынша, өзге елде соғысып жүрген 240 адамға интерпол арқылы іздеу жарияланған. Оның кейбірі шетелде ұсталыпты. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қыруар қаржы бөлінгенімен, оның жемқорлардың қалтасына түсіп жатқанын мәлімдеді. Мұндай фактілер Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында анықталған.