Павлодарда биыл отбасындағы зорлық зомбылыққа байланысты 50-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір артық. Бұған мамандар зорлық-зомбылық қарсы заңның қабылдануы себеп болғанын айтады. Өйткені, бұрын зәбір көруші арыз жазбайынша іс қозғалмайтын. Ал жаңа заң бойынша зорлық дерегі расталса, тәртіп сақшылары бірден тергеу амалдарын жүргізе алады. Тілшіміз тарқатып айтады.
Өңірде жыл басынан бері зорлық зомбылыққа қатысты 56 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Былтыр осы уақытта 36 іс қозғалыпты. Бұған жаңа заң бойынша отбасындағы жанжалдың әкімшілік істен қылмыстық іске ауысуы себеп - дейді, мамандар.
БАҚЫТЖАН ТҰРСАРИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Әйелдер жасырып, азаматтарына арыз жазбай, сөйтіп жататын. Бірақ, бүгінгі күнде Әйел азаматшалар біраз ашылғандықтары байқалады. Заңнамадан, өзгерістен хабардар екені байқалады. Көздері ояу, көкіректері ашық әйел азаматтар артып келеді деп айта алам.
Жаң заң бойынша зәбір көрген әйелдің арыз жазуы талап етілмейді. Егер әйелдің күйеуінен қорлық көргені расталса, полиция бірден іс қозғауға құқылы. Бұл заң әсіресе, ішімдік ішіп келіп, отбасының шырқын бұзатандарға қатысты қолданылады.
БАҚЫТЖАН ТҰРСАРИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Басынан бастап азаматының құқыққа қайшы әрекеттерін жасырмай, ішкі істер органдарына телефон шалып, 102 пультіне отбасында осындай мәселе орын алып жатқандығын бұның өзі ертеңгі күнгі үлкен болайын деп тұрған қылмыстардың алдын алуға септігін тигізіп жатыр.
Ал әйелін ұрып соғатындарға заң күшейді. Бұрын тек әкімшілік жазамен немесе айыппұл құтылатын. Енді қылмыстық жауапгершілікке тартылатын болады. Бұны қоғам өкілдері де қолдап отыр. Өйткені, соңғы жылдары отбасында зәбір көретін қыз, келіншектер көбейді.
БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Шынымен де өзгерістер әкеліп жатыр қоғамға. Қазір жалпылай қарайтын болсақ, отбасында кикілжіңдер болып жатады. Оның арты зорлық-зомбылыққа әкеліп жатады. Әрине, заң жүзіндегі өзгерістер осының барлығының басылуына өз септігін тигізді - деп ойлаймын.
Өңірде отбасындағы жанжалдарға байланысты 3 жарым мың адам жауапгершілікке тартылды. Оның 80 -і денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша жаза арқалады. Бұл заңның үстемдік құрғанын білдіреді.