Тобыл өңірінде жол көлік апаты азамай тұр. Жыл басынан бері 71 адам қара жол үстінде қаза тапқан. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында тағы көлік апаты болып, бірнеше адам ажал құшты. Қарасу ауданына қарасты Герцено ауылынан 10 шақырым жерде Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан 3 жолаушы жан тапсырды. Қаза тапқандар Toyota Alphard көлігінде болған көрінеді.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жол - көлік оқиғасы салдарынан апат орнында алған жарақаттарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеуді бастады.