Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкіметтің бюджет жөнінде жоспары орындалмай қалды

«Бөлінген ақша уақытында, толық игерілуі тиіс». Үкімет басшысы әкімдерге осындай тапсырма берді. Бектеновтың бұндай пәрмен беруі бекер емес. Биыл қаржылық жоспар орындалмай қалды. Бюджетке түсуі тиіс қаржыға 2 трлн теңге жетпей қалған. Неге? 11 айда ел экономикасында қандай өзгерістер болды? Толығырақ тілші материалында. {+СЮЖЕТ}

КТМ: 11 айда ел экономикасы 4,4 проценке өсті. Бұл мұнайдан түсетін пайданы қоспағандағы нәтиже. Сыртқы сауда айналымында да жетістік байқалады. Көрсеткіш - 116,9 млрд доллар. Ал экспорт 68,5 млрд долларға жетті. Өңірлер арасында ең көп пайда әкелген Қарағанды, Павлодар, Түркістан және Алматы мен Жетісу облысы.

СНХ: НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Салалар арасында ең жоғары өсуді ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы көрсетіп отыр. Сауда 8,2%-ке, көлік қызметтері 8,1%-ке, өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ке өсті. Жалпы ішкі өнімнің өсуінің 70%-тен астамы сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ке өсті.

КТМ: Мемлекеттік бюджетке 19 трлн теңге кіріс кірді. Бұл жоспардың 90% орындалғанын көрсетеді. Қалғаны салық түсімдерінің төмендеуіне байланысты орындалмай қалған. Ал, жергілікті қазынаға түскен қаржы жоспардан да көп.

СНХ: ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті.

КТМ: Тұрғындар тариф бағасына жиі шағымданады. Үкімет басшысы құны мың құбылатын саланы қолға алуды тапсырды. Коммуналдық қызмет саясатын қайта қарап, негізсіз өсіруді доғарыңдар деді.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Инфляцияға реттеліп көрсетілетін қызмет тарифтері мен бағаларынан болатын әсердің ең төмен үлес салмағын Экономикалық саясат жөніндегі кеңес белгілеген деңгейде сақтауды тапсырамын.

КТМ: Сондай-ақ, Бектенов экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында белсенді шаралар қабылдауы қажет екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, әкімдерге тапсырма берді. Көрсеткіші төмен өңірлерге ескерту жасап, жағдайды тез арада реттеуді тапсырды.