Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында көптен күткен мектептер келесі жылы ашылады

Қарағанды облысында көптен күткен мектептер келесі жылы ашылады. Құрылысты «AMANAT» партиясының депутаттары бақылайды. Осы және басқа да мәселелер депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысында қаралды. Жиында ең алдымен партияның 2024 жылғы сайлауалды бағдарламасын іске асыру, Жол картасын орындау барысы талқыланды. Депутаттардың айтуынша, бағларламадағы 5 жылдық жоспардың тең жартысы орындалған. Алайда олқылықтар да жоқ емес. Биыл ашылуы тиіс 12 мектептің 8-і іске қосылмаған. Оның көбі ауылдық жерлерде. Басқа салаларда да аяқталмаған құрылыстар бар. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бітпей қалған объектілеріміздің саны 17 болып отыр. Оның ішінде Бұқар жырау ауданындағы, Қарқаралы өңіріндегі екіобъект, сонымен қатар Абай, Шет аудандарындағы полигондардың құрылысы, бұл жөнінде басшыларға ескертпе жасалынды.