Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 41 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалған.
Құтқарушылар Вахтовка және жолталғамайтың Трэкол автокөлігімен Көктума ауылына 41 адамды жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарылғандардың арасында Беларусь Республикасының, ҚХР-ның, Әзербайжан Республикасының және РФ-ның 28 шетел азаматтары бар.
ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп жазылған хабарламада.