Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Африкадағы елмен цифрлық салада ынтымақтастық орнатты

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2024
  • 147

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан мен Гвинея-Бисаудың ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және қауымдастық министрлігі арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Көлік, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.