Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Есентай өзенінің жағалауындағы саябақ құрылысы аяқталды

Алматыда Көкжиек шағын ауданында Есентай өзенінің жағалауындағы саябақ құрылысы аяқталды. Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері арнайы мониторинг жасады. Саябақты қайта жөндеу құрылысы 2023 жылдың шілде айында басталды, жуырда қолданысқа берілмек. Жоба жалпы 8 гектардан астам аумақты қамтиды. Ал, аббаттандыру аймағы 4,5 гектар. 17 мың метр жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та бар. Нысан құрылысына 857 миллион теңге қаражат жұмсалған. 

МАКСИМ ТЕЛИЦКИЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұрын бұл аумақ игерілмеген болатын. Көкжиек және Кемел шағын аудандары тұрғындарының сұрауы бойынша, саябаққа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп бекітілді. Қазір құрылыс аяқталды. 50 орындық, 2 теннис үстелі мен 55 қоқыс жәшігі қойылып, велосипедке арналған жолақ та жүргізілді. Көпшіліктің жайлылығы үшін бірнеше құрал-жабдықтар орнатылады. Одан бөлек, осы маңда мұз айдынының құрылысы жүріп жатыр.