Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында Елай қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды

Қызылордада Елай қызметтік иті есірткі тасымалдаушы күдіктінің жолын кесті. Шымкент-Самара тас жолының Жанақорған ауданының тұсында «Шеп» бекетіне «Тойота» маркалы автокөлігін тоқтатылған. Тексеру барысында ақылды ит көліктің жүк салғышынан күдікті затты тапқан. Жол сөмкені қарау барысында 5 полиэтилен пакетке оралған есірткі заттары анықталды. 

АЗИЗ АРИФОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Экспертиза сараптама қорытындысы бойынша 5 кг астам кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.