Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы тоғыз айда Қазақстаннан 10 мыңнан астам адам кеткен

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2024
  • 112

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы тоғыз айда Қазақстаннан 10 мыңнан астам адам кеткен. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды.

Дәл осы кезеңде елімізге 20 мыңнан астам адам қоныс аударды.

“Қытайдан 1,5 мың, Моңғолиядан мыңға жуық шетелдік келді. Қытайдан келген иммигранттардың жартысы тұрғылықты жері ретінде Астана немесе Алматыны таңдаған. Ал Моңғолиядан келгендер көбіне Ақмола облысына қоныстанған. Мұнда мигранттардың жалпы санының 33%-ы қоныстанған”, – делінген хабарламада.