Русский Сайттың толық нұсқасы

Боксшы Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2024
  • 85

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты, деп хабарлайды "Дядя Ваня" Telegram арнасы.

Ол ер адамның сұлулығына аса мән бермейтінін жеткізді.

Менің болашақ жарым мейірімді адам болуы керек. Ол мені адам ретінде құрметтеп, бағалай білсе екен деймін, сонымен қатар өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап бере алатын болуы қажет. Жігіт өзін де, сүйіктісін де қорғай алуы тиіс. Ал ер адамның сымбатына келер болсақ, әркімнің өз критерийлері бар. Сондықтан бұл қасиет мен үшін аса маңызды емес, - деді боксшы қыз.

Спортшы әлеуметтік желіде әлі де оқырмандарына жауап беретінін, бірақ соңғы кездері жаттығулардан қолы тимей жүргенін мәлімдеді.