Русский Сайттың толық нұсқасы

БЖЗҚ Әзірбайжан банкінен қаражатты қайтарып алса, 20 млрд теңге пайда таппақ

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2017
  • 3086

Жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері, Әзірбайжан халықаралық банкіндегі инвестициялық қаражаттан 20 млрд теңге пайда табамыз, деп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында айтылды.

Зейнетақы қоры биыл қолда бар қаражатты инвестициялық жобаларға салу арқылы 2 млрд теңгедей пайда тапқан. Қордан салымын шешіп алуға ниеттілер де артып келеді. 2015 жылдан бері 6 мың адам жинақтаушы зейнетақы қорынан 24 млрд теңге қаражатын қайтарып алған. 2800 салымшыға өзге елге көшуіне байланысты салымы берілді. Зейнетақы қорында Әзірбайжан банкіне салынған инвестициялық облигациялардан бөлек тағы 40 млрд теңгеден астам қаржы проблемалық активтер қатарында екені белгілі болды.

Сәуле Егеубаева, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ төрайымының орынбасары:

Қазір Әзірбайжан халықаралық банкіндегі активтер зейнетақы портфеліндегі қаражат санатында. Оның көлемі 1 мамырдағы есеп бойынша 71 млрд 300 млн теңге екені рас. Аталған банкте қайта құрылымдау процестері аяқталған соң, келісім бойынша, инвестициялық пайда ретінде қаржы өзімізге қайтарылады деп сеніп отырмыз.

Қор мамандары халықаралық банкте жатқан қаржының нақты қашан қайтатыны туралы ашып айтпады. Бірақ инвестиция ретінде құйылған қаражаттың үстінен түсетін пайда есептеліп қойған. Шамамен 20 млрд теңге курстық айырмашылықтар есебінен табыс ретінде келуі керек. Себебі Қазақстан жағы 71 млрд теңгені 2014 жылы девальвацияға дейін салып қойған. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ