Русский Сайттың толық нұсқасы

Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2024
  • 178

20 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бүрқасын күтіледі.Областың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Күндіз көктайғақ күтіледі.