«Қазтрансойл» компаниясы Атырау облысынан 59 гектар жерді заңсыз иеленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер ресурстарын қорғау және пайдалану басқармасының басшысы айтты. Оның сөзінше, қазір компанияға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Жыл басынан бері облыста жер кодексіне байланысты 300-ден астам заңбұзушылық тіркелген. Басым бөлігі - мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иемденуге қатысты. Жерді уақытылы қайтармағандар да бар.
Басқарма басшысының дерегінше, соңғы 4 айда жер туралы заңды бұзғаны үшін 304 нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 миллион теңге айыппұл салынды. 19 миллион теңгесін кінәлілер өз еркімен төлеген.
Ғибрат Сүлейменов, Атырау облыстық жер пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы:
Көлік прокуратурасымен бірге жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде 59 гектар жерді заңсыз иемденіп, пайдаланып келген «Қазтрансойл» компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл үшін 4 миллион 764 мың теңге айыппұл салынып, жіберілген кемшілікті түзетуге ұсынба берілді. Енді бір айдың ішінде олар қателіктерін түзетуі тиіс. Ал дауға айналған жерді магистральдық нысан ретінде пайдаланған.
Еркін
КАРИН