Парламент Сенаты депутаттарын
сайлауға республикалық бюджеттен 92 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық
сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеді.
Әр кандидатқа бағдарламасын теледидар
арқылы баяндауға - 165 000 теңге, радио арқылы жариялауға - 70 000, ал газетке
жариялауға - 125 000 теңге сомасында беріледі. Сондай-ақ үгiт материалдарын
шығаруға - 30 000 теңге, көлікке облыстар үшін - 70 000, Астана және Алматы
қалалары үшін - 30 000 мың теңге бөлінген. Еске салайық, сенат депутаттарын
сайлау 28 маусымда өтеді.
Владимир Фоос, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Республикалық бюджеттен қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы жүзеге асады. Бұл шоттарға түсетін қазына қаржысына иелік етуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы
Берік Имашев шет мемлекеттердің орталық сайлау комиссияларына шақырту хаты
жолданғанын айтты. Бақылаушылар мен журналистерді аккредиттеу 22 маусымға дейін
жүргізіледі.