Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда аймақ басшысы халық қалауларының алдында жылдық есеп берді. Атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, алдағы жоспарымен бөлісті. Партияның өңір бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында жалпы 103 көрсеткіш бар. Оның орындалу барысына ай сайын мониторинг жүргізіледі. Биыл енгізілген 98 көрсеткіштің 44-і жүзеге асқан. Қалғаны орындалу үстінде. Келер жылы өңірлік Жол картасы аясында 27 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бойынша 4000 жобаны қаржыландыру, ал «Жер аманаты» жобасымен 40 мың гектардан астам аумақты халық игілігіне беру міндеттері тұр.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
«Ауыл аманаты» жобасының аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. 152,2 мың бас мал сатып алынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтарды, құрылыс, кондитерлік және тігін цехтарын ашуға бағытталған жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.