Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары азайды

Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыс саны екі есеге қысқарды. Зорлық-зомбылық 37,9%-ға, адам өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді. Ал ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келген. Ішкі істер министрлігі 72 мың қорғау ұйғарымын шығарды.