Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаназа шығару мен жерлеудің бірегей стандарты бекітілді

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2017
  • 8199

Мұсылмандардың жаназасын шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсетін болды. Заманға қарай өзгеріп отыратын жөн-жоралғыларды Қазақстанның барлық аймағында белгілі тәртіпке сай атқару үшін, діни басқарма арнайы кітап шығарды.

Діни рәсімдерді атқаруда кездесетін қарама-қайшылықтарды болдырмау, шариғат үкімдеріне сай өткізу мешіттерге міндеттеліп отыр. Кітап он бір мың таралыммен шыққан. Қазақстанда 2 мыңнан астам мешіт болса, солардың барлығы аталған тәртіпті өз аймақтарында енгізеді. Қайтыс болған адамның атынан берілетін садақа, дастархан жаюда ысырапқа жол беру, бейіт басына күмбездеп белгі қою сияқты жоралғыларға қатысты шағымдар бар. Діни басқарма осы талаптарды ескере отырып, жинақты үш жыл бойы құрастырған.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

Барлық өңірлерге, имамдарға тарқаталытан болады. Дінге жанашыр ақсақалдарға беріледі. Сол арқылы халыққа жәрлеу рәсімдері түсіндіріледі. Бірақ бір күнде жүзеге аспайды, уақыт өте бір қалыпқа келтіреміз деген ойымыз бар.