Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2024
  • 133

 Ресей Федерациясының Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала мен 2 ересек адам «хлор буынан уланған» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

- Ауруханаға түскендердің арасында 2024 жылғы бір бала бар. Тергеу басқармасының бөлімі ҚК-нің 238-бабы 1-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету) қылмыстық іс қозғады, - делінген ақпаратта.

Тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Олар судан сынама алып, сараптама жүргізеді.