Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 50-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2024
  • 78

Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қоныс иелері атанды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелерін қоныс тойларымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспана алған отбасылардың бірі - Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.

Біздің үй кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, - деді ауыл тұрғыны.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін Сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді әкім.