Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 148

23 желтоқсанда Астана мен Қазақстанның басқа өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

«Қазгидромет» мәліметінше, 23 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал республиканың батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, батыс өңірлерде көктайғақ болады деп болжануда.

Астанада кей уақытта бұрқасын болуы мүмкін.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын болуы ықтимал. Облыстың шығысында түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен батысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, ал шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысында бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында тұман болады. Алакөл көлдері аймағында шығыс желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі.

Түркістан облысында тұман күтіледі. Таулы асуларда бұрқасын болуы ықтимал. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы таулы асуларда секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысында тұман күтіледі.

Атырау облысында көктайғақ болжануда. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында күндіз солтүстік және шығыс аудандарда бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың батысы, солтүстігі және орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.