Русский Сайттың толық нұсқасы

Тағы бір мемлекетте Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 180

Албания үкіметі Tik Tok-ты кем дегенде бір жылға пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Albanian Daily News-ке сілтеме жасап.

«Мектептердегі физикалық және цифрлық қауіпсіздікті арттыру үшін біз арнайы мекемелер әзірлеген құралдардың арқасында TikTok платформасын бұғаттау туралы шешім қабылдадық», — деді ол.

Рама үкімет ата-аналармен 1,3 мыңнан астам кездесу өткізгенін және олардың 90% - ы қосымшаны бұғаттау туралы шешіммен келіскенін айтты.