Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды әуежайында заң бұзған үш ресейлік азамат ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 140

Қарағанды әуежайында «Мәскеу – Қарағанды» рейсімен келген үш ресейлік азамат заң бұзғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұсталғандар – 23, 40 және 48 жастағы Ресей Федерациясының азаматтары. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деген айып тағылды. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтығынан шыққанын белгіленген мерзімде хабарламағаны анықталды», — делінген хабарламада.

Мәліметтер Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, сот шешімі бойынша олар 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар бес жылға ел аумағына кіру құқығынан айырылып, елден шығарылды.