Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарын 133 миллион теңгеге алдап соққан

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 129

2024 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының полициясына жергілікті тұрғындар алаяққа алданғанын айтып, арыз түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар құзырлы органнан интернет алаяқтығы үшін белгісіз тұлғаларды жауапқа тартуды сұраған.

"Банк қызметкерімін деп танысқан": Жетісу облысында тіс қаққан алаяқ адамдарды алдап 12 миллион теңге тапқан

2,7 миллион теңгеге алдап соққан: Полицейлер форма киіп, өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған алаяқты әшкере етті (видео)

"Алаяқтар жәбірленушілердің ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкерлеріміз деп таныстырған. Осылайша олардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен жалпы сомасы 133 миллион 354 мың 450 теңге жымқырған", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Прокуратураның үйлестіруімен полицейлер жәбірленушілердің ақшасы 20-дан астам адамның есепшотына аударылғанын анықтады.

"Алаяқтардың басым бөлігі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені анықталды. Олар 26 және 21 жастағы жеке тұлғаларға ақша аударған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", –делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.