Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеті түрлі ас қана қойылады - Қызылорда облысы жаназада берілетін астың мәзірін бекіткен

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 132

Қызылордада ас беру мәдениеті мен жаназа, жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру үшін облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа отырысында ас мәзірі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Құрманбаев «Жаназа мен жерлеу рәсімдерін бірізге түсіру және ысырапшылдыққа жол бермеу» тақырыбында насихат айтып, зират басына зәулім ескерткіш, сәнді қоршаулар салуға болмайтынын атап өткен.

«Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев үндеу мәтінін оқыды.

Үндеуде:

марқұмды жерлеуде аста-төк дастархан жаймауға;

Діни дәстүрде жоқ марқұмның қонақасын алыстан келген қонақтармен шектелуге;

Жаназа намазы мен марқұмның жылдық асына дейінгі ас беруде ақша таратпауға және аталыққа шапан, ақша таратпауға;

 Жаназа намазын міндетті түрде мешіт имамдарының қатысуымен өткізуге;

Зәулім зираттар мен қымбат құлыптастар тұрғызбауға;

 Руға бөлініп, бейітт тұрғызбауға;

Қаза болғаннан бастап қырқы, жүзі, жылдық ас беру кезінде бекітілген ас мәзірін қатаң сақтауға үндеу жасалған.

Ал, жаназадағы ас мәзіріне ет немесе палау, нан өнімдері, қаймақ, жент, майсөк, шай, қант, кәмпит, құрма, су және шұбат кіреді.