Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда сырғанақтан 6 бала ауруханаға жеткізілді

Қостанай орталығында сән құрған сырғанақтан балалар зардап шекті. Соңғы екі күнде 29 балғын дәрігер көмегіне жүгініп, алтауы ауруханаға жатқызылды. Тіпті сырғанақ теуіп жүріп, есінен танып қалған балақайлар бар.Олардың миы шайқалып, түрлі жарақат алған. Жасөспірімдердің жағдайы қалыпты. Дәрігерлер қауіпті алаңда баланы қараусыз қалдырмау керектігін ескертіп отыр. Ал сырғанақтың қауіпсіздік шараларына қаншалықты сәйкес салынғаны тексерілмек. 

МИРАС ЕЛЖАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАРАҚАТ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жедел жәрдем қызметкерлері баланың жағдайына қарай жарақат бөліміне жеткізеді.Олар дереу рентген, компьютерлік томографяидан өткізіледі.Нейрохируг маман қарап, содан кейін баланы ауруханаға жатқызу немесе амбулаторияға жіберу мәселесі қарастырылады.