Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Мәртөк ауданында үй кезегінде тұрған 54 отбасы баспаналы болды

Ақтөбенің Мәртөк ауданында үй кезегінде тұрған 54 отбасы баспаналы болды. Жаңа үй алғандардың дені көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар. Жыл соңына дейін ауданда тағы 88 отбасыға пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр.  Бүгін үйлі болып, қоныстой тойлап жатқан Кәмшат Кукамбаева- жеті баланың анасы. Кәмшат отбасымен 2007 жылы Өзбекстан елінен көшіп келген.

КӘМШАТ КУКАМБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Аллаға шүкір Мәртөк районынан үй беріліп жатыр акиматтан көптен көп рахмет. Үйіміз жылы, кең. Мәз болып жүрміз бала-шағамызбен.

Мәртөк ауданында осындай үш бөлмелі жаңа үйді бүгін 54 отбасы алды. Тұрғын үйлер көгілдір отын, жарық , ауыз сумен қамтылған. Жалпы Ақтөбе облысында биылғы жылы 886 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде 1013 тұрғын үй су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға бұйырды.

АСЛАН ЖАРАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлығы бес жүз пәтер, оның барлығы да ауданда. Ал қаладан біз тұрғын үйді салған жоқпыз. Қалада сатып алып бердік. 513 тұрғын үй сатып алынды. Осы 11 айдың қорытыңдысы бойынша 886 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Өңірде жыл соңына дейін 950 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның елу бес мың шаршы метрі облыс орталығында, қалғаны Шалқар және Мәртөк аудандарында қолданысқа берілмек.