Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 2000 орындық "Жайлы мектептің" құрылысы аяқталуға жақын

Алматыда кезекті жайлы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Теректі ықшамауданындағы №213 мектеп - гимназия жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері Гүлжан Бекенова мен Нұрымбек Тау мониторинг жүргізді. "Жайлы мектеп" құрылысы былтыр басталған. Бірер күнде қолданысқа беріледі. 

ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Алматы қаласында 2025 жылға дейін 22 мектеп салу жоспарланып тұр. Сол жоспардың негізінде қазіргі таңда 15 мектептің құрылысы басталып кетті. Сол 15 жайлы мектептің бесеуі осы Алатау ауданында орналасып жатыр.