Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда орталық көшені су басты

Павлодарда орталық көшені су басты. Тізгінге ие бола алмай қалған жүргізуші құбырға соғылған. Салдарынан даңғылдың бір бөлігі суға толды. Ал сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлер уақытша судан ажыратылды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция көлік жүргізушісінің сау екенін айтады. «Nissan» маркалы көліктің жүргізушісі тізгініне ие бола алмай қалған. Десе де жол апатын жасағаны үшін жауапгершілікке тартылады. Ал оқиға орнында мамандар түнімен жұмыс істеді. Көшедегі суды сору, жолды мұздан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге келтірілген шығын көлемі белгісіз. 

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жол көлік оқиғасы орны алып, нәтижесінде Назарбаев даңғылы бойынша сумен жабдықтаудың айналма құбыры зақымданды. Төмен қысымда бір үй болды. Қазіргі уақытта зақым жойылды. Сумен жабдықтау қалпына келтірілді.