Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстаулықтардың 133 миллион теңгесін иемденген алаяқтар қолға түсті

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2024
  • 238

Үстіміздегі жылдың қазан айында Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына жергілікті тұрғындар интернет-алаяқтыққа қатысты  шағым түсірген, - деп жазды KAZINFORM.

Белгілі болғандай, алаяқтар жәбірленушілердің ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың сеніміне кіру арқылы 133 354 450 тг көлемінде қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Нысановтың мәліметінше, полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жәбірленушілердің қаражаты 20-дан астам дропердің есепшоттарына аударылғанын анықтаған. Дроперлердің басым бөлігі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені анықталып, іссапар ұйымдастырылған. Нәтижесінде жоғарыда аталған дроперлер қаражатты 26 және 21 жастағы тұлғаларға аударған болып шықты. Күдіктелер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтық іс-әрекеттерден аса сақ болуға шақырды.