Алматыда қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, ол ұрлық жасағаны үшін ұсталған.
«Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысы аумағында іздеуде жүрген, қарауыл көлігінен қашып кеткен К.Е.Аубакри есімді азаматты ұстады. Қазір қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, 4 желтоқсан күні бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталған сотталушы қарауыл жасағы қызметтік көлігінен қашып кеткен.