Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасанды интеллект бойынша бағдарламалар мен курстары әзірленеді

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2024
  • 184

Үкімет отырысында премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында цифрлық трансформациялау және тиісті шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың жасанды интеллект саласындағы жаңалықтардан хабардарлығының төмендігін ескере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру және оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндеті қойылды.

Сонымен қатар премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдерімен бірге келесі жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындауы керек.