Отандасымыз 75-минуттағы шабуылды сәтті аяқтады.
Түркияның "Адана Демирспор" командасында ойнайтын ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан гол соқты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық футболшы ойнайтын команда 17-турда "Хатайспормен" кездесті. Өз алаңында өткен ойында олар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчта "Адана Демирспор" сапынан Венсан Абубакар, Озан Демирбаг және Абат Айымбетов гол соқты. Отандасымыз 75-минуттағы шабуылды сәтті аяқтады.
Абат үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсуде. Өткен ойындарда "Гезтепе" мен "Бесіктас" командалары қақпасына гол соққан еді.
Қазіргі таңда "Адана Демирспор" 8 ұпаймен 19-орында тұр.