Маңғыстау
облысында қайтадан газ тапшылығы байқалып отыр. Жанармай құю
станцияларында ұзын-сонар кезек
қалыптасты. Аймақта барлығы 180-ге жуық газ құю бекеті бар. Оның басым
бөлігінде шикізат жетіспейді.
Бір станцияда газ құятын адам соққыға жығыла
жаздады. Ол көгілдір отынның біткені туралы темір тұлпар иелерін дер кезінде
ескертпеген екен.
Георгий
Диортгесов, жүргізуші:
Осында
тұрғанымызға 1,5 сағат болды. Ал олар полиция шақыртқан. Полиция станция
өкілдеріне бас салды. Кейін жақсы болды. Газды құйып берді.
Жергілікті
билік өкілдерінің осыған дейін берген мәліметіне сенсек, газ өңдеу зауыты ай
сайын көгілдір отынның 14 мың тоннасын шығарады. Оның 56 тоннасы жеке
компанияларға таратылады. Алайда, газдың бұл көлемі оларға бір-ақ аптаға ғана
жетеді екен. Бұл жолы да газ құю станциялары тығырыққа тірелді. Цистернада өнім
болғанымен, оны бірнеше күнге жеткізу керек. Сондықтан олар күнде белгілі бір
шектен асырып, сата алмайды.
Қыдырхан Тәжібай, газ құю станциясының жұмысшысы:
Бізге
газдың келесі партиясы 27-сі келеді. Бүгін 10 тоннаны саттық. Енді 10 тоннасы
қалды. Оны 5 күнге жеткізу керек. Талонды сатып алған кәсіпорындар бар. Газды
соларға құю міндет.
Абзал ҚҰРМАНКИН