Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 7 мың шақырымдай жол жөнделеді

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2017
  • 2468

Қызылжарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 7 мың шақырымдай жол жөнделеді. Ірі жобаның іске асырылу барысын «Нұр Отан» партиясы бақылауына алады.

Бүгін рейдтік тексеру барысында партиялықтар Астана-Петропавл тас жолындағы көпір құрылысымен танысты. Бұл жобаға ел қазынасынан 1 миллиард 280 миллион теңге бөлінген. Жұмыстар 2 жылға созылмақ. Мердігерлердің айтуынша, көпірді бастан-аяқ жөндеу үшін көлік қатынасын маусымнан қыркүйек айына дейін тоқтату керек. Республикалық маңызы бар Астана-Петропавл тас жолы 2011-2016 жылдар аралығында күрделі жөндеуден өткен. Биылдан бастап өңірде тағы бір ірі жоба іске асырылмақ.

Серік Ахметбеков, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Көпірдегі жұмыстың негізгі бөлігі биыл күзге дейін аяқталады. Қалған шаруаны 2018 жылдың қараша айына дейін бітіру жоспарланған. Қазір мердігерлердің қарқыны жаман емес. Техника мен мамандар жеткілікті. Кестеге сай жұмыс істеп жатыр.