Русский Сайттың толық нұсқасы

Олигархтардан тәркіленген артефактілер Ұлттық музейге берілмек

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 79

 Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында 10 артефакт бар. Алдағы уақытта олар еліміздің Ұлттық музейіне берілуі мүмкін.

— Бүгінде басқарушы компанияның балансында тарихи және мәдени құндылығы болуы ықтимал артефактілер (10 атау) бар. Бұйымдардың нарықтық бағасын анықтау мүмкін емес, — деді Қайтарылған активтерді басқару компаниясынан.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМКК аталған бұйымдарға қызығушылық танытып отыр. Тіпті, музей қызметкерлері компанияға келіп, бұйымдарды көріп, зертханалық сараптама жасаған. Осыдан кейін басқарушы компанияға аталған бұйымдарды тұрақты сақтау, терең ғылыми зерттеу жүргізу үшін музей қорына тапсыру туралы өтінішпен жүгінген.

— Осыған орай басқарушы компания оларды мұнан ары Ұлттық музейге табыстау мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру мәселесін қарастырады, — деді басқарушы компаниядан.

Бұл туралы kaz.inform.kz жазады.