Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақ апаты: Тоқаев тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 325

Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Астанадан Ақтауға дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.

Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.