Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақ апаты: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2024
  • 207

Бас прокуратура Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.