Мемлекеттік органдардың өкілдері оқиғаның мән-жайын тергеу үшін Қазақстанға шұғыл келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша Цифрлық даму және Көлік министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Бас Прокурордың орынбасары, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары, AZAL вице-президенті мен басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның Ақтау қаласына аттанды, – деп жазған еді Azertag.
Бүгін Баку-Грозный бағыты бойынша J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына 700-ден аса жеке құрам мен 82 техника жұмылдырылған. 29 адам ауруханаға жеткізілсе, оның 2-еуі бала екені анықталды.