Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда қайтарылған активтер есебінен балабақша салынады

Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба Президент тапсырмасы аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі. 280 орындық нысан "Жас Өркен" шағын ауданында бой көтереді. Бүгінде шаһарда 3 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға кезекте тұр. Оның жартысы 2 мен 6 жас аралығында. 

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге жайлы жағдай жасап, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру облыстағы маңызды міндеттің бірі. Балабақша орналасатын ауданда бала саны көп. Себебі онда жаңа үйлер салынып, жас отбасылар, сондай-ақ ауыл тұрғындары көшіп келіп жатыр.