Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларды қабылдады

Бүгін Шымкент әуежайының жаңа терминалы қолданысқа берілді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық мәні айрықша екенін атап өткен болатын.Жаңа терминал қаланың экономикасын арттыруға үлес қосып, транзиттік әлеуетті күшейтпек. Жеке инвестиция есебінен салынған кешен сағатына 2000 жолаушыға қызмет көрсете алады. Жобаға 24 миллиард қаржы жұмсалған. Соның арқасында барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, жайлы және технологиялық инфрақұрылым нысаны бой көтерді.

ШӘМШАТ СҮГІРБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осындай үлкен, керемет ғимараттың ашылуына біз бірінші болып куәгер болып отырмыз. Өте қуаныштымыз. Бұл халық үшін істеліп жатқан нәрсе ғой енді. Еліміздің көркейгені, еліміздің бай болып жатқанын байқатады осындай керемет аэропорттардан. Сондықтан шетелден кем емес.