Бигелді Ғабдулиннің авторлығымен «Қаңтар-22»:Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» атты туындының тұсауы кесілді. Жазушы 2022 жылы қаңтар айында болған қайғылы оқиғаларды бүге-шүгесіне дейін, жіпке тізіп зерттеу үшін бірнеше облысты аралап, куәгерлермен, қатысушылармен тілдескен. Екінші тарап ретінде, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де пікірі жазылған. Шығарманың 2200 данасы басылып шықты. Бигелді Ғабдуллин маңызды оқиғаны түрлі ракурста көрсету үшін, сараптамалық пікірлер мен баяндамаларды, одан бөлек, комиссиялардың есептеріне талдау жүргізген.
БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИН, ЖАЗУШЫ:
Алдыма қойған мақсатым – осы қаңтар туралы кең, сосын географиясы да кең кітап жазу болды. Менің кітабымда хроника деген нәрсе бар. Ол хроникада қай минутта қай облыс соның бәрі бар. Қай жерде басталды, кім келді, нешеде бітті, осы бір 7-8 күн әрбір облыс туралы.